Жаңалықтар

VIII Халық ойындары: Астана спортшылары жеңісті жолын жалғастыруда

Түркістан қаласында өтіп жатқан VIII Халық ойындарында Астана қаласының спортшылары жарыстың екінші күнінде футзал, волейбол, шахмат спорт түрлерінен де жоғары нәтиже көрсетуде.

Футзалдан елордалық команда Қызылорда облысының құрамасымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Волейболдан қыздар құрамасы Жамбыл облысының спортшыларын 3:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты.

Шахматтан Астана командасы Жамбыл және Павлодар облыстарының құрамаларын 1:0 есебімен жеңіп, жарысты сәтті жалғастыруда.

Сонымен қатар, қазақ күресінен мандат комиссиясының отырысы өтті. Аталған спорт түрі бойынша жарыс ертең басталады.

Елордалық спортшыларға алдағы сындарда сәттілік тілейміз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button