Жаңалықтар

Астаналық еркін күрес шеберлері республикалық турнирде жүлдегер атанды

2026 жылдың 6-11 қыркүйек күндері Жетісу облысының Талдықорған қаласында еркін күрестен 23 жасқа дейінгі (U23) жастар арасында ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әбілсейіт Айхановты еске алуға арналған Республикалық турнир өтті.

Бозкілемде бақ сынаған балуандар жоғары деңгейде өнер көрсетіп, Астана қаласының спортшылары жүлделі орындардан көрінді.

Турнир қорытындысы бойынша астаналық балуандардың нәтижелері:

🥇 1-орын
Тохтар Нұрсейіт — 97 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.

🥉 3-орын
Жорабек Қажымұқан — 79 келі;
Жолдасбаев Әлішер — 86 келі;
Таштенбек Жандәулет — 92 келі.

Балуандарымыз бен олардың бапкерлерін жарқын жеңістерімен құттықтаймыз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button