Жаңалықтар

БОКСТАН ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Нәтижесінде Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында 6 медальға ие болды.
Құрама қатарында бақталасқан Астаналық боксшылар ел қоржынына 1 күміс және 1 қола медаль сыйлады.

Үндістан астанасы Делиде өткен әлемдік жарыста (+81) Ляззат Күнгейбаева аса ауыр салмақ дәрежесінде рингке Марокколық Хадидже Эль-Мардимен кездесті. Нәтижесінде екінші орынға ие болды.
«Барлық Қазақстандықтарға сәлем айтамын. Бұл жолғы кездесуде жылдамдық жетіспеді. Елге келген соң қателікпен яғни, жылдамдықпен жұмыс жасаймын. Жарыс оңай өтті деп айта алмаймын. Себебі, салмақты бәсекеге барлық спортшылар үлкен дайындықпен келген. Біз тактика құрдық, бірінші болып қысыммен жасау керек болды. Мен бірінші болдым, бірақ сонда да жылдамдық жағынан жетпеді» – Ляззат Күнгейбаева.

Сондай-ақ, 75 келі салмақты тізгіндеген Валентина Хальзова қола жүлдеге иелік етті.

Жарыс қорытындысы бойынша біздің спортшылар барлығы 2 күміс және 4 қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, әлем чемпионатына 69 елдің 330 астам бокс шеберлері қатысты.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button