Жаңалықтар

Астаналық спортшы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

2026 жылдың 14–20 қараша күндері Түркияның Амасия қаласында тоғызқұмалақтан 19 жасқа дейінгі жастар арасында Әлем чемпионаты өтті.

Дүбірлі додада әлемнің 12 елінен келген 70-тен астам спортшы бақ сынады. Атап айтқанда, жарысқа Колумбия, Ауғанстан, Бангладеш, Ирак, Түркия, Украина, Румыния, Чехия, Литва, Қырғызстан, Түрікменстан және Қазақстан елдерінің өкілдері қатысты.

Блиц бағдарламасы бойынша ұлдар арасындағы сайыста Астана қаласының спортшысы Исатай Ақиқат III орын иеленіп, Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Астаналық спортшыны және оның бапкерлерін лайықты жетістігімен құттықтаймыз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button