Жаңалықтар
Астаналық таеквондошылар Алтай Одағы чемпионатында жүлдегер атанды

Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында таеквондодан жастар мен ересектер арасындағы Алтай Одағы чемпионаты өз мәресіне жетті.
Аталған додада ел намысын қорғаған астаналық спортшылар табысты өнер көрсетті. Жастар арасында 46 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Айым Серікбаева чемпион атанып, алтын медаль жеңіп алды.
Ал 59 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Алинұр Еркін қола жүлдегер атанды.
Айта кетейік, Астанада алғаш рет ұйымдастырылған Алтай Одағы чемпионатына Әзербайжан, Қырғызстан, Моңғолия, Корея, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Қазақстан құрамалары қатысты.




