Өрт қауіпсіздігі: қарапайым ережелерді сақтаңыз

Өрт — кез келген уақытта орын алуы мүмкін және адам өмірі мен мүлкіне елеулі қауіп төндіретін төтенше жағдай. Көп жағдайда өрттің шығуына қарапайым ұқыпсыздық пен қауіпсіздік талаптарын сақтамау себеп болады.
Өзіңіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күнделікті тұрмыста өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын сақтау маңызды.
Электр құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз.
Үйден шығар алдында үтік, электр жылытқышы, фен және басқа да электр құрылғыларының тоқтан ажыратылғанына көз жеткізіңіз. Электр розеткаларына шамадан тыс жүктеме түсірмеңіз және ақауы бар электр сымдары мен құрылғыларын пайдаланбаңыз.
Ас үйдегі қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз.
Тамақ дайындау кезінде газ плитасы мен электр пешін қараусыз қалдырмаңыз. Май тұтанған жағдайда оны сумен сөндіруге болмайды. Мұндай кезде плитаны өшіріп, ыдыстың қақпағын жауып немесе өртті қауіпсіз түрде тұншықтыру қажет.
Балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөліңіз.
Сіріңке, оттық және тез тұтанатын заттарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Балаларға отпен ойнаудың қауіпті екенін түсіндіріп, оларды от көздерімен жалғыз қалдырмаңыз.
Өрттен қорғайтын құралдарды пайдаланыңыз.
Тұрғын үйде түтін дабылдатқышын орнату және қолжетімді жерде өрт сөндіргіш құралын ұстау төтенше жағдай кезінде өртті ерте анықтап, оның салдарын азайтуға мүмкіндік береді.
Есіңізде болсын: өрт шыққан жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз. Өртті өз бетіңізше сөндіруге тырыспай, ең алдымен адамдардың қауіпсіз жерге шығуын қамтамасыз етіңіз.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау — өз өміріңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігін қорғаудың маңызды қадамы.





