Жаңалықтар

Астана қаласының спортшысы Grand Prix Brno турнирінде 5 медаль жеңіп алды

Астана қаласының спортшысы Ақмарал Ерекешева Чехияда өткен көркем гимнастикадан халықаралық Grand Prix Brno турниріндегі өнерін 1 алтын және 4 күміс медальмен қорытындылады.

Жарыстың қорытынды күнінде жекелеген жаттығулар бойынша финалдар өтті. Іріктеу кезеңінен сәтті өткен Ақмарал Ерекешева төрт жаттығудың барлығында финалға шығып, әрқайсысында жүлделі орынға ие болды.

🥇 Шеңбермен жаттығу — 29,150 ұпай
🥈 Доппен жаттығу — 28,000 ұпай
🥈 Буындармен жаттығу — 29,050 ұпай
🥈 Лентамен жаттығу — 27,600 ұпай

Бұған дейін Ақмарал Ерекешева көпсайыста 116,500 ұпай жинап, күміс медаль иеленіп, жеке рекордын жаңартқан болатын.

Осылайша, астаналық гимнастшы Grand Prix Brno турнирін 5 медальмен — 1 алтын және 4 күміспен аяқтады.

Ендігі маңызды бәсекесі — Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтетін XX жазғы Азия ойындары. Ақмарал Ерекешева Қазақстанның ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетеді. Көркем гимнастикадан жарыстар 1–3 қазан күндері өтеді.

Ақмаралды және оның бапкерлерін жарқын нәтижесімен құттықтаймыз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button