Жаңалықтар

Астана жүзушілері Қазақстан чемпионатында жүлделер қорын толықтырды

2026 жылдың 4–8 мамыр күндері Талдықорған қаласында жүзуден Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты өтті.

Еліміздің үздік спортшылары қатысқан байрақты бәсекеде Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, бірнеше жүлдеге қол жеткізді.

Атап айтқанда, елордалық спортшы Төребаева Айжан чемпионат барысында алты бірдей жүлде иеленді:
🥈 100 метр баттерфляй
🥈 50 метр баттерфляй
🥈 4×100 метр еркін стильдегі аралас эстафета
🥈 4×100 метр аралас эстафета (микс)
🥈 4×100 метр аралас эстафета (қыздар)
🥉 50 метр еркін стиль

*Миронычев Александр:
🥈 4×100 метр аралас эстафетада (ерлер)
🥉 50 метр баттерфляй

*Ерлан Жания:
🥈 4×100 метр еркін стильдегі аралас эстафета
🥉 200 метр брасс дисциплинасы бойынша жүлдегер атанды.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button