Жаңалықтар
Астана спортшылары “Оқжетпес” республикалық ашық турнирінде табысты өнер көрсетті

14–17 мамыр күндері Бурабай қаласында дәстүрлі садақ атудан “Оқжетпес” республикалық ашық турнирі өтті. Дәстүрлі жарысқа еліміздің 17 өңірінен 210 спортшы қатысып, бақ сынады. Оның ішінде 150 ер спортшы мен 60 қыз бала өнер көрсетті.
Турнир үш нысана бойынша өтті:
* 30 метр — Жамбы
* 50 метр — Қалқан
* 300 метр — Оқжетпес
Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласының спортшылары 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.
🥈 Батихан Айкөркем — 30 метр
🥉 Тапенов Ербол — 50 метр
🥉 Қанат Абылайхан — 50 метр
🥉 Тарыца Анжела — 50 метр






