Жаңалықтар

Төрт бокшысымыз финалға шықты

Дәл қазір Дубайда жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр. Кезекті жарыс күнінің қорытындысы бойынша соңғы сынға шыққандардың есімдері белгілі болды. Мәселен, жеңіл салмақтағы  Төрехан Сабырхан жартылай финалда Тәжікстан спортшысын ұтып, финалға жолдама алды.  Ал, 54 келіде өнер көрсетіп жатқан Адай Ниязбай бен непалдық боксшы арасындағы жекпе-жек уақытынан бұрын аяқталды. Жерлесіміз жеңіске жетті. Бұған қоса, 57 келідегі Бахтияр Анарбаев пен Мохамед Аттиа-Хамед те алтын үшін таласады. Ал, ең жеңіл салмақтағы Айдар Кадырхан құрлықтық доданың қола жүлдегері атанды. Айта кетейік, бүгін тағы 4 боксшымыз жартылай финалда жұдырықтасады. Жарыстың жалпы қорытындысы 30-шы тамызда белгілі болады.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button