Жаңалықтар

Астана құрамасы семсерлесуден ел чемпионатында жүлделі орындарға ие болды

2026 жылдың 18-27 қыркүйек күндері Семей қаласында ерлер мен әйелдер арасында семсерлесуден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша елордалық спортшы Мансұр Естеу жеке сайыста 1-орын иеленіп, Қазақстан чемпионы атанды.

Сонымен қатар, рапира бойынша командалық есепте Астана құрамасы жүлделі 3-орынға ие болды. Команда сапында Мансұр Естеу, Алдияр Естеу, Альтаир Кубешов және Динмухаммед Даниярулы өнер көрсетті.

Спортшылар мен жаттықтырушыларды құттықтаймыз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button