Жаңалықтар

Астаналық үстел теннисшілері Қазақстан кубогында күміс жүлдегер атанды

2026 жылдың 30 қазаны мен 1 қарашасы аралығында Өскемен қаласында үстел теннисінен Қазақстан Республикасының кубогы өтті.

Республикалық жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар және Түркістан облыстарының ерлер және әйелдер командалары қатысты.

Ел біріншілігінде Астана қаласының ерлер құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, командалық сайыста 2-орынға ие болды.

Елордалық команда құрамында Сағантай Құрмамбаев, Тимофей Герасименко, Александр Герасименко және Ермек Бекназаров өнер көрсетті.

Елордалық спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын құттықтаймыз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button