Жаңалықтар

Біріккен жаттығу жиыны

Елордада біріккен форматтағы жаттығу жиыны өтіп жатыр. Яғни, бұнда Маңғыстау, Атырау, Ақмола өңірлерінің ең үздік дзюдошылары жиналып, жергілікті спортшылармен шеберлік шыңдауда.  Айта кету керек, астанамызда бұндай үлгідегі әзірлік алғаш рет қолға алынды. Дұрысы, қола алуға мәжбүр болды. Өйткені, мына жастар жылдан аса уақыт ешқандай жарысқа қатыспады. Жарыс түгіл жаттығудың өзі бірде бар, бірде жоқ дегендей. Енді қысқа аралықта толық бапқа келіп, республикалық және халықаралық  аламандарға араласуы қажет.

Ұзақ үзілістен кейін жарыстар кестесіне қатысты да ақпаратты алдық. Мәселен, мына спортшылар наурыздың соңында татамиде тартысады. Республикалық жастар ойынын Орал қаласы қабылдайтын болды.  Одан кейін тағы бірқатар ішкі біріншілік бар. Әсіресе, биыл тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған бәсеке көп. Одан кейін үздіктері халықаралық және құрлықтық додаларға аттанады. Ал, жылдың басты бәсекесі жастар арасындағы әлем чемпионаты күзде Италияда болады.

Айта кетейік, елордадағы жаттығу жиыны екі аптаға созылады. Бұнда алаңсыз әзірлік жүргізуге барлық жағдай жасалған. Яғни, спорт кешенінде жататын жер, тамақтанатын орын және басқа да керек-жарақтар ұйымдастырылды. Санитарлық талаптар қатаң. Алдағы уақытта осындай форматтағы жаттығу жиындарын жиілету жоспарланып отыр. Бұл бастамадан ұтарымыз көп дейді отандық мамандар.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button