Жаңалықтар
Татами төріндегі тарихи триумф

2026 жылдың 20–23 тамыз күндері Эквадордың Гуаякиль қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге 62 елден 475 жас татами шебері қатысты.
Әлем чемпионатының аралас командалық жарысында Қазақстан құрамасы чемпион атанып, тарихи нәтижеге қол жеткізді.
Ұлттық құрама сапында елорда спортшысы Шыңғыс Қонысбек (-90 кг) ел намысын абыроймен қорғады.
Қазақстандық дзюдошылар жарысты Болгария құрамасын 4:1 есебімен жеңуден бастады. Ширек финалда Жапонияны 4:2, ал жартылай финалда Өзбекстанды 4:2 есебімен ұтты.
Нәтижесінде Қазақстан құрамасы финалда жеңіске жетіп, жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының аралас командалық сынында тұңғыш рет чемпион атанды.



