Жаңалықтар

Халықаралық жарысқа дайындық

Ұзақ үзілістен кейін күрестен де халықаралық жарыстар жандана бастады. Мәселен, наурыздың басында, нақты айтқанда 2-сі мен 6-сы аралығында классиктер Италияда бас қосады. Халықаралық турнирге ұлттық құрама мүшелері де қатысады. Олимпиадалық комитет жариялаған тізімде 17 спортшы бар. Олар қазір дайындықты пысықтап жатыр. Римдегі жарыс нәтижесінде рейтингтік ұпайлар беріледі. Ал, лицензиялық бәсекелер сәуірде Алматы және мамырда София қаласында болады. Әсіресе, алғашқысын асыға күтеміз. Жігіттер 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы әлем чемпионатында кеткен есені, Алматыдағы азия чемпионатында қайтарып, алдағы олимпиадаға барлық салмақ бойынша қатысады деген үміт бар.

 «Matteo Pellicone» турниріне қатысатындар тізімі (Италия, Рим)

55 келі: Жақанша Хорлан

60 келі: Сұлтанғали Айдос, Сарсенбиев Жансерик

63 келі: Айнағұлов Мирамбек

67 келі: Кебиспаев Алмат, Шермаханбет Мейіржан

72 келі: Қисыметов Қаһарман

77 келі: Жадраев Демеу, Дильмухамедов Асхат, Шадукаев Тамерлан

82 келі: Баршылыков Мирас

87 келі: Тұрсынов Нұрсұлтан, Кустубаев Азамат

97 келі: Искаков Ерулан, Сырлыбай Олжас

130 келі: Сыздыков Алимхан, Шадукаев Мансур

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button