Жаңалықтар

Бас бапкер пікір білдірді

Ұлттық құрамадағы жігіттердің жаппай кәсіпқой боксқа ауысуы жақсы құбылыс емес. Өйткені, оның бағыты бөлек. Бұл жөнінде Ғалымбек Кенжебаев мәлімдеді. Қазақстан құрамасының бас бапкері Қамшыбек Қоңқабаевтың шешіміне қатысты пікір білдірген еді. Оның айтуынша аса ауыр салмақтағы жерлесіміз кәсіпқой бокста бір ғана жекпе-жек өткізеді және ол тәжірибе жинау үшін ғана. Яғни, қалыптасқан жағдайға байланысты қазір әуесқой бокстағы оқу-жаттығу жиындары мен жарыстар тоқтап тұр. Сондықтан, Қамшыбекке осыдай мүмкіндік берілген. Одан кейін ол ұлттық құрамаға оралып, олимпиадаға дайындалады. Бұның бәрін жіті бақылауда ұстаймыз дейді бапер. Айта кетйік, биылдың өзінде ел намысын қорғап жүрген біраз боксшы кәсіпқой бағытқа ауысты. Оның ішінде әлем чемпионатының жүлдегері Тұрсынбай Құлахмет, Азия чемпионы Бек Нұрмағамбет және жасөспірімдер арасындағы олимпиаданың жүлдегері Талғат Шайкен бар.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button