Астана қаласының спортты дамыту дирекциясында діни экстремизмнің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

3 наурыз күні Астана қаласының спортты дамыту дирекциясының қызметкерлеріне діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу, діни сауаттылықты арттыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында діни экстремизмнің қоғамға тигізетін кері әсері, деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтану жолдары және діни ақпаратты дұрыс қабылдаудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, мамандар интернет пен әлеуметтік желілерде таралатын күмәнді діни ақпараттарға сын көзбен қарау, мәліметтерді тек ресми әрі сенімді дереккөздерден алу қажеттігін атап өтті.
Кездесу аясында қатысушыларға діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған заңнама талаптары түсіндіріліп, қоғамдағы тұрақтылық пен конфессияаралық келісімді сақтаудың маңыздылығы сөз болды.
Іс-шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.
Діни сауаттылық пен қоғамдық келісім – қауіпсіз қоғамның маңызды негізі.





