Жаңалықтар

Астана спортшылары әртістік жүзуден ел чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді

2026 жылдың 6–10 мамыр күндері Алматы қаласында әртістік жүзуден (синхронды жүзу) барлық жас санаттары бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Аталған жарыста Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, бірнеше бағдарламада жүлделі орындарға ие болды.

🥇 Алтын жүлдегерлер:
* Исламова Ясмина — юниорлар арасында соло техникалық бағдарлама
* Исламова Ясмина — юниорлар арасында соло еркін бағдарлама
* Калмурза Макпал — дуэт еркін бағдарлама
* Рамазанов Алдияр мен Исламова Ясмина — микс дуэт техникалық бағдарлама
* Рамазанов Алдияр, Исламова Ясмина, Саим Айғаным, Калмурза Макпал — акробатикалық топтық бағдарлама
* Рамазанов Алдияр, Исламова Ясмина, Саим Айғаным, Калмурза Макпал — еркін топтық бағдарлама

🥈 Күміс жүлдегерлер:
* Заирова Тахмина — 13–15 жас санатындағы соло еркін бағдарлама
* Рамазанов Алдияр — юниорлар арасындағы соло еркін бағдарлама
* Калмурза Макпал — дуэт техникалық бағдарлама

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button