Бағдат Сабаз – Қазақстан кубогінің жеңімпазы

Алматы қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен Қазақстан кубогінде 67 келі салмақ дәрежесінің финалында Астана қаласының өкілі Бағдат Сабаз Жамбыл облысының балуаны Ержет Жарлықасынмен белдесті.
Финалдық белдесуде Бағдат Сабаз бастаманы бірден өз қолына алды. Қарсыласы сылбыр күрескені үшін ескерту алып, есеп 1:0 болды.
Кейін тағы бір сылбырлық үшін жамбылдық балуан бір ұпай жоғалтып, партерге түсті. Осы сәтті ұтымды пайдаланған Бағдат қарсыласын көтеріп, белден асыра лақтыру әдісін сәтті орындады. Нәтижесінде есеп 6:0-ге жетіп, астаналық спортшының басымдығы айқын байқалды.
Белдесудің қалған бөлігінде Бағдат Сабаз қарқынын бәсеңдетпей, қорғаныста да сенімді күрес көрсетті.
Қорытынды есеп — 6:0. Осылайша, Бағдат Сабаз грек-рим күресінен Қазақстан кубогінің жеңімпазы атанды.
Құттықтаймыз👏
Айта кетейік, Бағдат Сабаз — 2025 жылы Вунгтау қаласында өткен U23 Азия чемпионатының жеңімпазы.





