Жаңалықтар
Елордалық самбошылар жағажай самбодан Қазақстан чемпионатында жүлделі орындарға ие болды

2026 жылдың 4–8 маусым күндері Алматы облысы, Қонаев қаласында жағажай самбодан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Еліміздің үздік балуандары бақ сынаған додада Астана қаласының спортшылары табысты өнер көрсетіп, жеке және командалық есепте жүлделі орындарға қол жеткізді.
Алтын медальді 72 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Сәтова Аружан жеңіп алып, Қазақстан чемпионы атанды.
Қола жүлдені +88 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Сейтенов Жандос иеленді.
Сонымен қатар, жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласының құрамасы командалық есепте үшінші орынға тұрақтап, чемпионаттың қола жүлдегері атанды.





