Жаңалықтар

Волейболдан тартысты турнир

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 2025 жылдың 29 желтоқсанында Астана қаласында Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты мекемелер қызметкерлері арасында волейболдан турнир өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласының спортты дамыту дирекциясы мен №9 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің құрама командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді.
ІІ орынды Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының командасы еншіледі.
І орынды №5 Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы жеңіп алды.

Сондай-ақ Астана қаласының спортты дамыту дирекциясы басшысының орынбасары Бегалиев Мәулен Жексенбайұлы «Үздік шабуылшы» номинациясымен марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы марапаттармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button