Астаналық каратэшілер Киокушин-кан әлем чемпионатында жалпы командалық есепте 3-орынға ие болды

2025 жылдың 21–22 қараша күндері Жапонияның астанасы Токио қаласында Киокушин-кан каратэден Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Әлемнің 40 елінен келген 700-ге жуық каратэші татами төрінде бақ сынады.
Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 3-орын иеленіп, ел қоржынына 3 алтын, 3 күміс және 17 қола медаль салды. Астана қаласының спортшылары өз салмақ дәрежелерінде ерекше нәтиже көрсетті.
Нәтижелер бойынша жүлдегер спортшылар:
14-15 жас ұлдар:
-50 кг: Ерасыл Ермек 🥇
+65 кг: Бексұлтан Айтмағанбет 🥇
-65 кг: Санжар Бекбулатов 🥉
16-17 жас ұлдар:
-55 кг: Таир Ульжебаев 🥇
-60 кг: Береке Асылхан 🥉
-65 кг: Батырхан Ратбек 🥉
-75 кг: Мұхаммет Ай 🥉
12-13 жас ұлдар:
-55 кг: Санжар Ермек 🥈
-40 кг: Алихан Аманжол 🥉
-50 кг: Даниял Сазанбаев 🥉
14-15 жас қыздар:
-50 кг: Амира Акказинова 🥈
Ерлер:
-65 кг: Әлішер Кәрменов 🥈
-55 кг: Ерслан Орынбасаров 🥉
-60 кг: Рахат Жаңғабылов 🥉
-75 кг: Айбек Аманов 🥉
-75 кг: Мақсат Искаков 🥉
-80 кг: Нұрлыхан Садвокасов 🥉
-80 кг: Ермағанбетов Еркебұлан 🥉
Әйелдер:
-50 кг: Гүлназым Ғалымжанова 🥉
-50 кг: Мадина Сауытова 🥉
-65 кг: Жания Ержанова 🥉
+65 кг: Гүлназ Изтанатова 🥉
+65 кг: Ұлжан Ракишева 🥉





