Жаңалықтар

Астаналық құсбегі Ерасыл Серікбекұлы халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

2025 жылдың 21–22 қараша күндері Еңбекшіқазақ ауданы, Төле би ауылындағы «Қыран» дәстүрлі аңшылық орталығында құсбегіліктен Байжүніс Кодекұлының 105 жылдығына арналған «СОНАР-2025» халықаралық турнирі өтті.

Биылғы додаға 5 мемлекеттен – Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 14 командадан жалпы 88 құсбегі қатысты. Қатысушылар бүркіт, ителгі және қаршыға құстарымен өнер көрсетіп, шеберліктерін сынға салды.

Жарыс нәтижесі бойынша бүркіт құсын салу бойынша жеңімпаз атанған – елордалық құсбегі Серікбекұлы Ерасыл.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button