Жаңалықтар

Жас волейболшы арулар: Астана командасы Қазақстан чемпионатында 3-орын алды

2025 жылдың 10–20 қарашасы аралығында Орал қаласында 2007–2008 жылдары туған қыздар арасында волейболдан күзгі Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Еліміздің әр өңірінен жиналған үздік жас волейболшылар маусымның маңызды додасында бас қосып, өзара мықтыны анықтады.

Биылғы чемпионатқа 120 спортшы қатысты. Турнир нәтижесінде Астана қаласының жас волейболшылары үздік ойын өрнегін көрсетіп, жүлделі 3-орынды жеңіп алды.

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button