Астаналық мергендер Қазақстан кубогында жүлделі орындарға ие болды

3–9 қазан аралығында елордада өткен нысана көздеуден Қазақстан кубогында астаналық спортшылар жоғары нәтижелер көрсетті.
10 метр қашықтықтан нысана көздеу бойынша топтық байқауда жасөспірімдер арасында Никулин Егор, Мухамеджанов Асанали, Кашкимбаев Аят 1-орын, әйелдер арасында Комендра Елизавета 3- орын иеленді. Осы қашықтықта пневматикалық тапаншамен көздеуден жеке есепте Ердембек Тамерлан (жасөспірімдер) 2- орын, Литвиненко Иван мен Жакия Асылымдар 3- орынға тұрақтады. 10 метр қашықтықта қашықтықта пневматикалық тапаншамен көздеуден топтық сайыста жасөспірімдер арасында Жакия Асылым 1- орын, Цуканов Кирилл, Литвиненко Иван, Ердембек Тамерландар 2 – орын, Бексаринов Дамир, Акимов Мадияр, Жумашев Ансар (жасөспірімдер) 3-орынды жеңіп алды. Ал аралас жұптық нысана көздеуден Ердембек Тамерланға 2- орын бұйырды.
Жалпы есепте, Астаналық мергендер 2 алтын, 3 күміс, 4 қоланы қанжығаларына басты.