Жаңалықтар
Астана каратэшілері халықаралық турнирде жүлдеге ие болды

10–18 мамыр күндері Филиппиннің Манила қаласында жасөспірімдер арасындағы «Karate One Youth League» халықаралық турнирі өтті. Байрақты бәсекеде Астана қаласының спортшылары сәтті өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
🥈 14–15 жас санатында, 57 келіге дейінгі салмақта Инсар Ахмадиев күміс жүлдегер атанды.
🥉 16–17 жас санатында, 55 келіге дейінгі салмақта Бекарыс Нығметбек қола медаль жеңіп алды.




