Жаңалықтар

Елордалық Санжар Тәшкенбай жеке бапкерімен елге оралды

Бокстан Азия чемпионы атанған Астана қаласының боксшысы Санжар Ташкенбай мен оның жеке бапкері Нұржан Нассанов Қазақстанға оралды.

Астана қаласының халықаралық әуежайынан сары құрлық бəсекесінің чемпионың қалалық спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, бокстан әлем және Азия чемпионы, еңбек сіңірген спорт шебері Мерей Ақшаловпен туған-туыстары, достары, журналистер мен жанкүйерлер сəн-салтанатымен күтіп алды. Кездесу барысында патриоттық əндер шырқалып, шашу шашып жерлестеріне құрмет көрсетіп тосынсый жасады.

«Бүгін елдегі жанкүйерлер әдеттегідей өте жақсы қарсы алды. Біз тікелей алдымен Алматы қаласына құрама командамен келген болатынбыз. Ол жақта да бізге осындай құрмет көрсетілді. Ұзақ уақыт жолда болған соң, оның үстіне жарыста біраз шаршадық. Осы шаршағанды жанкүйерлердің ыстық ықыласымен осылай арнайы күткенінің арқасында көңіл-күйіміз көтеріліп қалды. Біз халықтың боксты əлі де жақсы көретінін сездік. Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз, алда әлі көп жұмыс бар. Əуелі халықтың, сосын қалалық әкімдіктің қолдауының арқасында биік шыңдарды бағындырып тағы қуантамыз, деп сенемін», – Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне берген сұхбатында чемпионның жеке бапкері Нұржан Нассанов.

Еске алсақ, 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі алтын медаль үшін жекпе-жекте жерлесіміз Өзбекстаннан келген Шодиержон Меликузиевпен кездескен болатын. Төрешілердің ортақ шешімімен Санжар 2023 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

«Бізді қолдаған барлық жанкүйерге зор алғыс айтамын. Біз үшін уайымдап, жеңіс тілегендеріңізді жақсы білеміз. Бангкоктағы додаға келетін болсақ, мен ол жерде 48 келіге дейінгі салмақта Өзбекстанның боксшысымен шаршы алаңға шықтым. Мақсат баяғыдай елім үшін еңбек етіп жеңістен көріну», – деді Азия чемпионы Санжар Ташкенбай.

Жалпы айтар болсақ, 22 жасқа дейінгі жас спортшылар 3 күміс пен 12 қола жүлдеге ие болды. Осылайша отандық шаршы алаң шеберлері 18-26 қаңтар күндері Бангкокта өткен Азия чемпионатында барлығы 25 боксшының 20-сы медальмен оралды.

Жалпы есепте Қазақстан құрамасы 2-орынға тұрақтады. Көш басында тұрған Өзбекстанмен медаль саны жағынан теңбіз (20 медальдан). Азия чемпионатында барлығы 12 елінің боксшысы жүлде жеңіп алды.

Енді спортшылар аз-кем демалыстан соң, басқа халықаралық турнирлерге дайындықты бастайды.
Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышевтің осыған дейін Азия чемпиондары мен жүлдегерлеріне дәстүр бойынша өз есебінен қаржылай сыйақы табыстайтынын айтқан.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button