Жаңалықтар

«Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебінің спорт шебері Кенбеил Ажар қола медальді жеңіп алды

2019 жылдың 22-23 ақпан аралығы Минск қаласында самбодан Беларусь Республикасы Президентінің жүлдесіне арналған ХХІІІ халықаралық турниріне «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебінің спорт шебері Кенбеил Ажар қарсыластарының арасынан суырылып шығып әлемдік деңгейде 3 орынды жеңіп алды. Әйелдер арасында еліміздің намысын қорғап келген мақтанышымыз Кенбеил Ажарды шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!  Айта кетейік, Әлем кубогына 30 мемлекеттен 300 спортшы, оның ішінде Қазақстан Республикасы құрама командасынан 35 спортшы қатысқан болатын.

Ұқсас мақалалар

Back to top button