Жаңалықтар

Елорда спортшылары триатлоннан Азия кубогында топ жарды

2026 жылдың 8–9 тамыз күндері Түркістан қаласында триатлоннан ересектер мен жасөспірімдер арасындағы Азия кубогы өтті.

Жасөспірімдер арасындағы жарыс 750 метр жүзу, 20 шақырым веложарыс және 5 шақырым жүгіруден тұрды.

Нәтижесінде ерлер арасындағы бәсекеде елордалық спортшы Рамазан Айнегов алтын медаль иеленіп, жарыс жеңімпазы атанды. Ал қыздар арасында Алуа Нұрмұхамет топ жарып, елорда қоржынына тағы бір алтын жүлде салды.

Айта кетейік, екі күнге созылған Азия кубогының кезеңіне 22 елден 125 спортшы қатысты.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button