Жаңалықтар
Қазақстан ерлер құрамасы су добынан жағажай Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажай Азия ойындарында Қазақстан ерлер құрамасы су добынан қола медаль жеңіп алды.
Шешуші матчта ұлттық құрама Оңтүстік Корея командасымен кездесіп, қарсыласын 3:0 есебімен (4:2, 2:1, 3:2) жеңді. Осы нәтижемен отандастарымыз жарыстың қола жүлдесіне қол жеткізді.
Айта кетейік, жарыс айналмалы жүйе бойынша өтті. Қазақстан құрамасы бес матчтың үшеуінде жеңіске жетіп, екі ойында қарсыластарына жол берді.
Жағажай Азия ойындарында ел намысын қорғаған спортшылар қатарында елордалық Алдияр Әкімбай бар.
📸 Никита Басов




