Жаңалықтар

Нұрбек Оралбай бокстан 2023 жылғы әлем чемпионы

Астана қаласының спортшысы – Нұрбек Оралбай Ташкентте (Өзбекстан) өткен әлем чемпионатында қарсыластарын сан соқтырды.  Әлем бойынша 100 астам ел мықтылары жиналған байрақты бәсекеде 80 келі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Нақтырақ айтсақ, көптің қызығушылығын тудырған жекпе-жекте жерлесіміз Қытай атынан бақталасқан этникалық қазақ – Тоқтарбек Таңатқаннан басым түсті. Осыған дейін Нұрбек – Ресей, Иордания, Түркия мен Әзірбайжаннан келген бокс майталмандарын жолда қалдырды.
Әлем чемпионатында айқын басымдылықпен әдемі нүкте қойған Нұрбек Оралбайды барша қазақстандықтар атынан құттықтаймыз!

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button