Жаңалықтар

Белбеу күресінен Астанада Әлем Чемпионаты өткізіледі !

 

«ЭКСПО – 2017»  халықаралық көрмесіне орай Астана қаласында с/к Дәулетте 21 мен 24-ші шілде аралығында Белбеу күресінен Әлем Чемпионаты өткізіледі. Жарысқа Индия, Грузия, Қырғызстан, Ресей, Украина т.б. мемлекеттерден жүздеген мықты, бірінші нөмірлі спортшылар қатысады деп күтілуде. ӘЧ еркін және классикалык стильдерде ұлдар 8, қыздар 6 салмақ дәрежелері бойынша белдесетін болады. 21 шілдеде еркін стиль салмақ өлшеу, 22 шілде еркін стиль белдесулер болса, 23 шілдеде классикалық стильде кездесулер болады.

Астана қаласы әкімдігінің  «Толағай» ЖСШМ»-нен келесі спортшылар ат салысады, 57 кг Сатбаев Дидар, 62кг Саятов Нұртас, 82кг Кулманбетов Айдос (еркін стиль);  57кг Мұратхан Берикбол, 68кг Курбанкулов Ауезхан, 82кг Шаймерден Біржан, 100кг Абдрахманов Мадияр, Осканов Эскархан, 50кг Дюсембаева Ботагоз (классикалық стиль) спортшыларымыз  Астана қаласы құрама командасының  және мектебіміздің намысын қорғайтын болады.

Спортшыларымыз Әлемдік деңгейдегі жарысқа жан-жақты дайындалуда, тереңдетілген медициналық тексеріліс, ОЖЖ, психологпен жұмыстар жасалуда.

Спортшыларымызға сәттілік және толағай жеңістер тілейміз!

Қолдаймыз және сенеміз !

#smileAstana #АсетИсекешев #Astana_Akimat #Astanasportivnaya #Astana#Kazakhstan

Ұқсас мақалалар

Back to top button