Байдарка мен каноэде есуден Қазақстан чемпионаты: Астана спортшылары жүлделі орындарға ие болды

Түркістан қаласында 14-21 маусым күндері байдарка мен каноэде есуден ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Ел біріншілігіне еліміздің 11 өңірінен 130-ға жуық спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Аталған жарыс Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарына іріктеу кезеңінің қорытынды сыны болды.
Чемпионат қорытындысы бойынша Астана қаласының спортшысы Эвелина Костенко жазғы Азия ойындарына жолдама жеңіп алды.
Жарыста елордалық ескек есушілер жоғары нәтиже көрсетіп, бірнеше жүлдеге қол жеткізді.
Краснонос Егор:
* К-2 500 метр – 1 орын;
* К-2 200 метр – 1 орын;
* К-4 500 метр – 2 орын.
Горбов Юрий:
* С-4 500 метр – 1 орын;
* С-2 200 метр – 2 орын.
Сурмина Ольга:
* С-4 500 метр – 1 орын;
* С-2 200 метр – 2 орын.
Аяпбергенова Ясмина:
* С-4 500 метр – 1 орын;
* С-2 200 метр – 3 орын.
Костенко Эвелина:
* К-1 500 метр – 3 орын;
* К-1 200 метр – 3 орын.






