Жаңалықтар

Елордалық спортшы Бразилияда өткен халықаралық турнирде қос алтын медаль жеңіп алды

Бразилия Федеративтік Республикасының Сан-Паулу қаласында джиу-джитсудан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, Астана қаласының спортшысы Нұржан Батырбеков 2026 жылдың 4 мамыр мен 4 маусым аралығында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына қатысуда.

Дайындық барысында 30–31 мамыр күндері Сан-Паулу қаласында бразилиялық джиу-джитсудан (BJJ) халықаралық деңгейдегі ірі жарыстардың бірі – São Paulo Open CBJJE турнирі өтті.

Аталған додада елордалық спортшы Нұржан Батырбеков жоғары шеберлік танытып, екі бірдей алтын медаль жеңіп алды. Ол 76 келі салмақ дәрежесінде барлық қарсыласын жеңіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілсе, абсолюттік салмақ дәрежесінде де (салмақ шектеусіз) үздік атанып, екінші алтын жүлдесін қоржынға салды.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button