Жаңалықтар

Азия ойындары-2026: елордалық Адель Садақбаева Қазақстан құрамасы сапында күміс жүлдегер атанды

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында стенд атудан әйелдер арасындағы скит бағдарламасының командалық бәсекесі аяқталды.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 274 ұпай жинап, күміс жүлдеге ие болды.

Ұлттық құрама сапында елордалық спортшы Адель Садақбаева, сондай-ақ Әсем Орынбай мен Зоя Пискун өнер көрсетті.

Бұл сында Қытай құрамасы 287 ұпаймен жеңімпаз атанса, Үндістан командасы 266 ұпаймен қола жүлдеге ие болды.

Осылайша, Адель Садақбаева Қазақстан құрамасы сапында XX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button