Астаналық боксшылар Азия чемпионатында қос алтын жеңіп алды

2026 жылдың 3–16 шілде күндері Индонезияның Джакарта қаласында бокстан ересектер арасындағы U19 және U23 санаттары бойынша Азия чемпионаты өтті.
Құрлықтық додада Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына екі алтын медаль салды.
85 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Темірлан Мұқатаев финалда Өзбекстан өкілі Норбек Абдуллаевпен кездесіп, тартысты жекпе-жекте 4:1 есебімен жеңіске жетті. Қос былғары қолғап шебері де жоғары деңгейдегі өнер көрсеткенімен, төрешілердің басым дауысы қазақстандық боксшының пайдасына шешіліп, Темірлан Азия чемпионы атанды.
90 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ибрагим Бетаев финалда Өзбекстан құрамасының өкілі Самир Собировпен қолғап түйістірді. Өте шиеленісті өткен кездесу қорытындысында төрешілер 3:2 есебімен жеңісті Ибрагим Бетаевқа беріп, ол да Азия чемпионы атағын жеңіп алды.
Осылайша, Астана қаласының қос боксшысы құрлық біріншілігінде топ жарып, Қазақстан құрамасының қоржынына екі алтын медаль сыйлады.






