Жаңалықтар

Астаналық жүзушілер қысқы Қазақстан чемпионатында үздік нәтиже көрсетті

2026 жылдың 17–20 қараша күндері Талдықорған қаласында жүзуден Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты өтті.

Республикалық жарыста Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы саны 26 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 11 алтын, 8 күміс және 7 қола жүлде бар.

Алтын жүлдегерлер:

🥇 Туребаева Айжан – 100 м баттерфляй, 50 м баттерфляй және 50 м еркін стиль;

🥇 Ерлан Жания – 200 м кешенді жүзу;

🥇 Нурлыбекова Ханзада – 200 м баттерфляй;

🥇 Маринина Диана – 100 м және 200 м брасс;

🥇 Жумагулов Ришат – 50 м баттерфляй және 50 м еркін стиль;

🥇 Ермакова Анастасия – 400 м кешенді жүзу;

🥇 Нурумбаев Арсен – 400 м кешенді жүзу.

Күміс жүлдегерлер:

🥈 Ермакова Анастасия – 200 м кешенді жүзу;

🥈 Бектембай Данияр – 200 м және 400 м кешенді жүзу;

🥈 Туребаева Айжан – 100 м кешенді жүзу;

🥈 Кудасов Ерназар – 200 м шалқалай жүзу;

🥈 Жумагулов Ришат – 100 м еркін стиль.

🥈 4×100 м кешенді жүзуден әйелдер эстафетасы күміс жүлдеге ие болды. Команда құрамында Ерлан Жания, Маринина Диана, Нурлыбекова Ханзада және Туребаева Айжан өнер көрсетті.

🥈 4×100 м кешенді жүзуден аралас эстафета күміс медаль жеңіп алды. Команда құрамында: Любимов Кирилл, Маринина Диана, Жумагулов Ришат және Туребаева Айжан.

Қола жүлдегерлер:

🥉 Жумагулов Ришат – 100 м баттерфляй;

🥉 Ерсаин Алижан – 200 м кешенді жүзу;

🥉 Ермакова Анастасия – 200 м арқамен жүзу;

🥉 Ерлан Жания – 400 м кешенді жүзу;

🥉 4×100 м еркін стильден қыздар эстафетасы. Команда құрамында Ерлан Жания, Туребаева Айжан, Нурлыбекова Ханзада және Юрченко Елизавета өнер көрсетті.

🥉 4×50 м кешенді жүзуден аралас эстафета. Команда құрамында: Любимов Кирилл, Маринина Диана, Жумагулов Ришат және Туребаева Айжан.

🥉 4×100 м кешенді жүзуден ерлер эстафетасы. Құрамында Любимов Кирилл, Муратов Айдос, Жумагулов Ришат және Миронычев Александр өнер көрсетті.

Сонымен қатар, чемпионат барысында спорт шебері нормативін орындаған спортшылар:

– Ерлан Жания – 200 м кешенді жүзу;
– Муратов Айдос – 50 м брасс;
– Айтхожин Марлен – 200 м шалқалай жүзу.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button