Астана спортшылары жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионатында табысты өнер көрсетті

2026 жылдың 19–21 мамыр күндері Шымкент қаласында 2011–2012 жылы туған кіші жасөспірімдер мен 2004–2006 жылы туған жастар арасында жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Ел біріншілігіне Қазақстанның 19 өңірінен 721 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Астана қаласының спортшылары жарыс қорытындысы бойынша 3 алтын, 8 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.
🥇 Алтын жүлдегерлер:
* Бибикова Алеся — 100 м
* Токенов Мади — 400 м
* Ахметкалиев Даниял — 10 000 м
🥈 Күміс жүлдегерлер:
* Курманалиев Руслан — 100 м
* Курманалиев Руслан — 200 м
* Колода Екатерина — 400 м кедергілер арқылы жүгіру
* Бибикова Алеся — 200 м
* Джаймухамбетов Алихан — 800 м
* Балаби Амирхан — 400 м
* 4×100 м эстафеталық жүгіру құрамасы:
Курманалиев Руслан,
Бейсенбеков Думан,
Загорский Артур,
Смирнов Владислав
* 4×400 м эстафеталық жүгіру құрамасы:
Курманалиев Руслан,
Амержанов Аскар,
Бейсенбеков Думан,
Кадыров Расул
🥉 Қола жүлдегерлер:
* Қуандық Ұлар — 21 км спорттық жүріс
* Колода Анастасия — 400 м кедергілер арқылы жүгіру
* Жазетова Аида — үш қарғып секіру
* Мазуренко Кристина — ұзындыққа секіру
Айта кетейік, жарыс нәтижесі бойынша Екатерина Колода 9–12 шілде аралығында Қытайдың Ордос қаласында өтетін жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысу нормативін орындады.
Елордалық спортшылар мен жаттықтырушыларды жоғары нәтижелерімен құттықтаймыз!





