Жаңалықтар
Астана спортшылары Азия кубогында қос алтын жеңіп алды

2026 жылдың 1–2 мамыр күндері Филиппиннің Субик-Бей қаласында триатлоннан ересектер мен жасөспірімдер арасында Азия кубогы өтті.
18 елден 130 спортшы қатысқан дүбірлі додада елордалық қос спортшы алтыннан алқа тақты.
Атап айтқанда, жасөспірімдер арасындағы спринт қашықтығында:
🥇 Айнегов Рамазан — 1 орын
🥇 Нурмухамет Алуа — 1 орын
Спортшыларымызды жарқын жеңістерімен құттықтаймыз!





