Жаңалықтар

Астанада керлингтен Қазақстан чемпионаты өтуде: елордалық юниорлар жүлдегер атанды

2026 жылдың 16–30 қыркүйек күндері «Сарыарқа» велотрегінің мұз аренасында жастар, юниорлар және жасөспірімдер арасында керлингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде.

Бүгін, 22 қыркүйекте чемпионаттың ашылу салтанаты өтті. Ел біріншілігіне Қазақстанның 7 өңірінен 80-ге жуық спортшы қатысуда.

Қазіргі таңда үш жас санаты бойынша ерлер және әйелдер арасындағы классикалық ойындар аяқталды. Жарыстың алғашқы кезеңінде Астана қаласының құрамалары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

🥇 1-орын — юниорлар, ерлер:
Тастемир Ибрагим, Кусаинов Санжар, Едресов Алдияр, Жолдасхан Дамир және Тугельбаев Карим ел чемпиондары атанды.

🥈 2-орын — юниорлар, қыздар:
Қазез Маржан, Тыныбаева Алиша, Едресова Асель және Айтыбек Даяна күміс жүлдеге ие болды.

Жарыс 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Алдағы күндері спортшылар үш жас санаты бойынша «аралас командалар» және «аралас жұптар» дисциплиналарында бақ сынайды.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button