Жаңалықтар

Мәнерлеп сырғанаудан ашық чемпионат

Ұзақ үзілістен кейін мәнерлеп сырғанау жарысы да жанданды. Дәл қазір елордада балалар, жасөспірімдер және ересектер арасындағы ашық чемпионат өтіп жатыр. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен, атап айтқанда, Теміртау, Қарағанды, Атырау, Павлодар және Алматыдан қатысушылар жиналды. Бұған қоса, әрине, жергілікті спортшылар бар. Бас-аяғы 300-ге жуық үміткер 3 күн бойы сынға түседі. Айта кету керек, санитарлық талаптар қатаң. Қатысушылар мен көрермендер Ashyq жүйесі арқылы кіреді. Жарыстың басты ерекшелігі оны алғаш рет арнайы шақырылған халықаралық төрешілер бағалап жатыр. Ашық чемпионаттың жалпы қортындысы 19-шы қарашада белгілі болады. Айта кетейік, жарыс Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды және алдағы уақытта оны тұрақты өткізу жоспарда бар.

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button