Жаңалықтар

Ғ. Кенжебаев: біраз боксшы құрамадан кетеді

Біраз боксшы құрамадан кетеді. Ұлттық құраманың бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев Токио олимпиадасын қорытындылап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Оның айтуынша, елде мықты резев бар. Енді солардың әлеуетін пайдалану керек. Ал, құрамада жүрген жігіттердің кейбірі кәсіпқой мансабын аяқтайды. Кейбірі кәсіпқой боксқа ауысады. Ұлттық құрама жазғы ойындардан 1 алтын, 1 күміс және 1 қола алуды жоспарлапты. Бірақ, үміт артқан жігіттер алғашқы айналымдардан ұшты. Осы тұрғыда төрешілердің жұмысына да біраз сұрақ бар дейді.  Себебі, олар компьютерлік технология бойынша кездейсоқ таңдалды. Кейбірі дайындықсыз келді. Тіпті, ағылшын тілін білмейтіндері де бар. Соның салдарынан әртүрлі келеңсіздіктер орын алып жатты. Қалай болғанда да енді есті жинап, қателіктерді түзеп, алдағы олимпиадаға дұрыстап дайындалу керек дейді бас бапкер.

«Қазір елімізде бокстың резерві мықты. Олимпиадаға бара алмай қалған жігіттер бар. Олар 2024 жылы өтетін Париж ойындарында жарқырайтын болады. Токиодан кейін құрамадағы спортшылардың біразы кетеді. Жалпы алғанда буын алмасу процесі болады. Осы ретте жастардың тәжірибе жинақтап, келесі төрт жылдыққа жақсы дайындықпен баруына мүмкіндіктері бар. Құлдыраудан кейін әлі-ақ биікке көтерілеміз» деді бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев.

дереккөз: vesti.kz

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button