Жаңалықтар

Олимпиада күніне арналған эстафета

Еліміздің түкпір-түкпірінде олимпиада күніне арналған спорттық шаралар өтіп жатыр. Бастаманы ең алғаш болып Солтүстік Қазақстан қолдады. Бұнда кәсіпқой және әуесқой спортшылардың басын қосқан велошеру ұйымдастырылды. Александр Винокуров бастаған жүздеген шабандоз қала көшелерімен 10 шақырым жүріп өтті. Артынша эстафетаны Алматы іліп әкетіп, құзға өрмелеу шеберлері арасында жарыс жасады. Алдымен ел чемпионатының үздіктері өнерлерін көрсетіп, жас спортшылармен тәжірибе бөлісті. Одан кейін балалар арасындағы бәсеке болды. Айта кетейік, құзға өрмелеу олимпиада бағдарламасы енді ғана қосылды және бұл сында ел намысын Ришат Хайбуллин қорғайды. Олимпиада күніне арналған шаралар 23-ші маусымға дейін жалғасады. Осы аралықта құзырлы комитет батыста бокс пен дзюдодан шеберлік сағаттарын және елордада көше спорттары бойынша жарыстар өткізуді жоспарлап отыр.

фото: olympic.kz

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button