Спорттық орталықтар ашылды
Елордада үш бірдей спорттық орталық ашылды. Қалалық әкімдік мереке қарсаңында спорттық инфрақұрылымдар қатарын арттырып, бұқаралық спорттың дамуына ерекше серпін берді. Атап айтар болсақ, астанамыздың қақ төрінен бокс орталығы, көркем гимнастика нысаны және жекпе-жек түрлерінің залы пайда болды. Енді бұнда қаладағы балалар мен жасөспірімдер және кәсіпқой спортшылар тегін негізде дайындала алады. Бұған дейн олардың жаттығуы жалға алынған кешендерде өтетін. «Әр орталыққа жауапты мекемелер бар. Бокс орталығында Спортты олимпидалық түрлері бойынша дамыту дирекциясы жауапты. Көркем гимнастика нысанына №1 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорттық мектебі, ал, жекпе-жек залына Спортты олимпидалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясы жауап береді, – деді қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев.