Жаңалықтар

Халықаралық жарыста топ жарды

Түркиядағы рейтингілік турнир жерлестеріміз үшін сәтті басталды. Дәл қазір Стамбулда таэквондодон халықаралық жарыс өтіп жатыр. Оған 32 елдің өкілі жиналды. Алғашқы күндері  қазақстандық спортшылар 1 алтын мен 1 күміс еншіледі. Атап айтқанда, 59 келідегі Аяжан Сапархан қарсылас шақ келтірмеді. Ол қатарынан 5 жекпе-жекте жеңіске жетті. Финалдық сында түркиялық спортшыны 3:0 есебімен ұтты. Ал, ерлер арасында орта салмақтағы Әділ Тілеуғабыл күміс жүлдегер атанды. Ол да финалда жергілікті спортшымен жолығып, ұпай айырмасымен есе жіберді. Түркиядағы турнир бүгін де жалғасады және жарыс алаңына тағы 3 спортшымыз шығады. Айта кетейік, ұзақ үзілістен кейін Қазақстан чемпионаты да жуырда ғана жанданды. Оны Талдықорған қаласы қабылдаған болатын. Ал, мамыр айында Ақтөбе қаласында жастар ойыны өтеді.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button