Жаңалықтар
Халықаралық жарыстар басталады
Таэквондо шеберлері үшін жағымды жаңалық. Алдағы айдан бастап халықаралық жарыстар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, 12-ші қыркүйекте «Польша Оупен» бәсекесі өтеді. Бұл ұзақ үзілістен кейін қайта жанданған ең алғашқы жарыс болмақ. Одан кейін қыркүйектің соңында «Ресей Оупен» және «Таллин Оупен» турнирлері болады. Бұл бәсекелер, сәйкесінше, 26-шы және 27-ші қыркүйекте басталады. Бүкіләлемдік таеквондо федерациясы жарыстар кестесін қайта қарап, осындай өзгерістер енгізді. Айта кетейік, тамыз айында қалыптасқан жағдайға байланысты бірқатар халықаралық жарыс өтпей қалды. Оның ішінде «Малайзия Оупен» сияқты байрақты бәсекелер бар.