Фернандо Алонсо спортқа қайта оралды
Автоспорт әлемінде аты аңызға айналған Фернандо Алонсо өз командасына қайта оралады. Кәсіпқой спортшы бұған дейін Формула-1 бәсекесінде бірнеше рет топ жарған. Одан кейін спорттық мансабын аяқтағанын жариялады. Енді араға біраз уақыт салып, қайта бағын сынауды жөн көріпті. Фернандо Алонсо алдағы жылдан бастап жарысқа араласады және 19 миллион доллар көлемінде ақы алады. Бұл жаңалық қазір әлемдегі спорттық басылымдарда жарыса жарияланып жатыр. «Рено» командасы осы арқылы өз нәтижесін жақсартқысы келетінін жасырмайды. Басқа жағынан, спортшының жасы 40-қа келіп қалды. Оны да ескеру керек. Өйткені, қазіргі автоаламандар жылдамдық пен ептілікке негізделген. Негізі әлемдік деңгейдегі 3 автоаламан бар. Ал, кейіпкеріміз оның екеуінде топ жарды. Ендігі арманы қалған Инди-500 додасының чемпионы атанып, спорт тарихында өз атын қалдыру. Бұған дейін бұндай жетістікке бір ғана спортшы қол жеткізді. Ол – британиялық Грэм Хилл.