Жаңалықтар

Ауыр атлетика олимпиада бағдарламасынан алынуы мүмкін

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының қызметіне қатысты жалғасып жатқан тергеуде жемқорлық фактілері анықталса, аталған спорт Олимпия ойындарының бағдар­ламасынан шығарылуы мүмкін.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының кейінгі екі сайлау конгресінде сайлаушыларға пара беру өршігені анықталып, оң нәтиже берген 40 допинг сынамасы жасырылған. Бұл туралы ауыр атлетика бойынша сыбайлас жемқорлыққа қатысты тергеуді басқарған заңгер Ричард Макларен мәлімдеді.

Сонымен қатар ХОК басшысы Томас Бах ауыр атлетика туралы Тамаш Аянның баяндамасы қатты таңғалдырдығанын айтады. «Біз IWF-ті тазартудың жолын табуымыз керек. Оларға көмектескіміз келеді. Біздің қа­таң шаралар қабылдауға құ­­қы­ғы­мыз бар. Тіпті ауыр атлети­каны Олим­пиада бағдар­ламасынан шығарып тастауымыз да мүмкін», деді Бах.

Айта кетейік, 81 жастағы Тамаш Аян IWF-ті 2000 жылдан 2020 жылға дейін басқарған. Сәуірде өткен IWF атқарушы коми­тетінің отырысында Та­маш Аянның отставкасын мақұл­даған болатын.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button