Жаңалықтар

Толағайлық спортшы әпкелі-сіңілі қыздарымыз үздік нәтиже көрсетті

Толағайлық әпкелі-сіңілі қыздарымыз Чхунджу қаласында (Оңтүстік Корея) Белбеу күресі бойынша жауынгерлік өнердің екінші әлемдік ойындарында (алыш) үздік нәтиже көрсетті. Дүбірлі додада спортшыларымыз өз салмақ дәрежелерінде алтын мен күміс жүлдегерлері атанды. Байрақты бәсекеге әлемнің түкпір-түкпірінен 60 тан аса балуандар жиналды. Атап айтсақ, Қырғызстан, Иран, Польша, Болгария, Сербия, Индия, Израиль, Өзбекстан, Ресей, Украина, Түркменстан, Корея, Палестина, Молдова және Қазақстан елдерінің мықтылары бақ сынасты. Қазақстан құрама командасы қатарынан Дюсембаева Улжан (65 кг) – 1 орын, Дюсембаева Ботагоз (55кг) – 2 орын

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button