Жаңалықтар

АҚТАУДА ДЗЮДОДАН АШЫҚ АЗИЯ КУБОГІ АЯҚТАЛДЫ.

3-4 қараша Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған, дзюдодан әлемдік рейтингтік турнир Ашық Азия Кубогі өтті. Жарысқа Тәжікстан, Греция, Монғолия, Өзбекстан, Грузия, Ресей және Қазақстан елдерінен 100-ге жуық спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы 7 алтын, 10 күміс және 13 қола жүлдемен командалық есепте бірінші орынға шықты. Екінші орында Греция құрамасы, ал үшінші орын Тәжікстан спортшыларына бұйырды. Жеке есепте 52 келі салмақ дәрежеде «Толағай» ЖСШМ спортшысы Әйгерім Абилькадирова алтын жүлдеге ие болды. Еліміздің құрама командасын, Әйгерімді және оның жаттықтырушысы Аширов Ахат Сеноровичті жеңіспен құттықтаймыз! Сәттілік және үлкен жетістіктер тілейміз!

Ұқсас мақалалар

Back to top button